Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Коронавирустан кешелі бері 368 адам сауығып шықты

АСТАНА. 25 маусым. Кеше түс ауған шақтан бүгін таңертеңге дейін 368 адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.

Осылайша сауыққандардың жалпы саны қазір 11 158-ге жетті.

Бүгінгі 368 дерек аймақтар бойынша былай бөлінеді:

Астана қаласы – 76, Қарағанды облысы – 56, Атырау облысы – 50, Ақтөбе облысы – 25, Алматы облысы – 23, Қызылорда облысы – 22, Жамбыл облысы – 22, Шымкент қаласы – 21, Павлодар облысы – 20, Маңғыстау облысы – 17, Ақмола облысы – 13, Батыс Қазақстан облысы – 9, Қостанай облысы – 8, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Түркістан облысы – 2, Алматы қаласы – 1.

Осы кезге дейін аймақтардан мұнша адам сауығып шықты:

  1. Астана қаласы – 2577
  2. Алматы қаласы – 2178
  3. Атырау облысы – 1191
  4. Қарағанды облысы – 1007
  5. Батыс Қазақстан облысы – 835
  6. Шымкент қаласы – 632
  7. Қызылорда облысы – 550
  8. Алматы облысы – 544
  9. Жамбыл облысы – 424
  10. Ақтөбе облысы – 382
  11. Маңғыстау облысы – 344
  12. Түркістан облысы – 312
  13. Павлодар облысы – 288
  14. Қостанай облысы – 205
  15. Ақмола облысы – 184
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 172
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 59.
Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button