ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Коронавирус: Тәулікте тағы 499 індет қосылды

АСТАНА. 23 маусым. Өткен түнде Қазақстанда 499 вирус жұқтыру оқиғасы орын алып, тағы бір антирекорд жасалды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.

Сонымен, індет жұқтырғандардың жалпы саны 18 231-ге жетті.

Енді түнгі 23:59 сағатта аймақтар бойынша тіркелген көрсеткіштермен таныс болыңыздар:

Шымкент қаласы – 61, Астана қаласы – 59, Қарағанды облысы – 53, Алматы қаласы – 39, Атырау облысы – 35, Қостанай облысы – 33, Шығыс Қазақстан облысы – 31, Батыс Қазақстан облысы – 29, Ақтөбе облысы – 25, Түркістан облысы – 22, Павлодар облысы – 21, Солтүстік Қазақстан – 21, Ақмола облысы – 21, Қызылорда облысы – 17, Жамбыл облысы – 16, Алматы облысы – 14, Маңғыстау облысы – 2.

Тәулікте вирус жұқтырудан «аман» кеткен облыс болған жоқ.

Есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: 

  1. Алматы қаласы – 3429
  2. Астана қаласы – 3407
  3. Қарағанды облысы – 1950
  4. Атырау облысы – 1475
  5. Шымкент қаласы – 1357
  6. Батыс Қазақстан облысы – 1186
  7. Ақтөбе облысы – 653
  8. Түркістан облысы – 619
  9. Жамбыл облысы – 616
  10. Алматы облысы – 597
  11. Қызылорда облысы – 572
  12. Павлодар облысы – 521
  13. Шығыс Қазақстан облысы – 460
  14. Маңғыстау облысы – 436
  15. Қостанай облысы – 358
  16. Ақмола облысы – 349
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 246.
Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button