Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Бір күнде коронавирустан 5 адам қайтыс болды
АСТАНА. 21 маусым. Өткен тәуліктен бері Қазақстанда коронавирус кеселінен тағы 5 адам көз жұмып, құрбан болғандар саны 118-ге толды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Атап айтқанда, Астана қаласында 1942, 1956 және 1966 жылы, Алматы қаласында 1960 жылы туған ер кісілер, Ақмола облысында 1955 жылы туған әйел жантәсілім етті.
Осы кезге дейін бақилық болған 118 адам мына аймақтарда тіркелді:
Астана қаласы – 32, Алматы қаласы – 18, Шымкент қаласы – 13, Павлодар облысы – 13, Қарағанды облысы – 10, Ақмола облысы – 8, Түркістан облысы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 6, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Жамбыл облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.