Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Коронавирус: тәулікте 132 адам сауығып шықты

АСТАНА. 21 маусым. Кеше түнде 132 адамның коронавирустан жазылып шыққаны анықталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.

Осылайша сауыққандардың жалпы саны қазір 10 671-ге жетіп отыр.

Тәуліктегі 132 дерек аймақтар бойынша былай бөлінеді:

Батыс Қазақстан облысы – 39, Қарағанды облысы – 31, Алматы облысы – 19, Астана қаласы – 15, Жамбыл облысы – 8, Алматы қаласы – 5, Шығыс Қазақстан облысы – 4, Қызылорда облысы – 3, Маңғыстау облысы – 3, Шымкент қаласы – 2, Қостанай облысы – 2, Павлодар облысы – 1.

Осы кезге дейін аймақтардан мұнша адам сауығып шықты:

  1. Астана қаласы – 2249
  2. Алматы қаласы – 2177
  3. Атырау облысы – 1064
  4. Қарағанды облысы – 847
  5. Батыс Қазақстан облысы – 768
  6. Шымкент қаласы – 554
  7. Қызылорда облысы – 484
  8. Алматы облысы – 465
  9. Жамбыл облысы – 365
  10. Ақтөбе облысы – 314
  11. Түркістан облысы – 300
  12. Маңғыстау облысы – 289
  13. Павлодар облысы – 228
  14. Қостанай облысы – 191
  15. Ақмола облысы – 171
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 148
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 57.
Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button