Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Президент медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады
АСТАНА. 21 маусым. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің медицина қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
«Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз», – деп жазды ол өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Кемелұлы тағы бір постында: «Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді», – деп атап көрсетті.