ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Індет: Қарағанды облысы бұрынғы қарқынында келеді

АСТАНА. 14 маусым. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 258 оқиғасы орын алып, оның жалпы саны 14 496-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Қарағанды бұрынғы қарқынында келеді. Ол соңғы күндері 50-ден төмен түсіп көрген жоқ.

Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-да есепке алынған 258 дерек қалалар мен аймақтар бойынша былай бөлінді:

Қарағанды облысы – 56, Астана қаласы – 39, Алматы қаласы – 31, Батыс Қазақстан облысы – 24, Шығыс Қазақстан облысы – 18, Ақтөбе облысы – 14, Павлодар облысы – 13, Солтүстік Қазақстан облысы – 12, Шымкент қаласы – 10, Атырау облысы – 9, Алматы облысы – 7, Жамбыл облысы – 7, Маңғыстау облысы – 7, Түркістан облысы – 3, Қостанай облысы – 3, Ақмола облысы – 3, Қызылорда облысы – 2.

Өткен тәулікте бірде-бір облыс вирус жұқтырудан «аман» кете алмады.

Есепті кезеңдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:

  1. Алматы қаласы – 3082
  2. Астана қаласы – 2683
  3. Қарағанды облысы – 1475
  4. Атырау облысы – 1287
  5. Шымкент қаласы – 1107
  6. Батыс Қазақстан облысы – 937
  7. Ақтөбе облысы – 516
  8. Алматы облысы – 507
  9. Қызылорда облысы – 493
  10. Жамбыл облысы – 483
  11. Түркістан облысы – 443
  12. Маңғыстау облысы – 378
  13. Павлодар облысы – 346
  14. Шығыс Қазақстан облысы – 252
  15. Қостанай облысы – 218
  16. Ақмола облысы – 193
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 96.

Осы кезге дейін 9056 адам жазылып шығып, 73 адам қайтыс болды. Тәулік ішінде Шымкент қаласында, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында бір-бірден адам көз жұмды.

Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:  

  1. Алматы қаласы – 2046
  2. Астана қаласы – 1981
  3. Атырау облысы – 932
  4. Қарағанды облысы – 644
  5. Батыс Қазақстан облысы – 521
  6. Шымкент қаласы – 473
  7. Қызылорда облысы – 391
  8. Алматы облысы – 328
  9. Жамбыл облысы – 299
  10. Түркістан облысы – 274
  11. Ақтөбе облысы – 263
  12. Маңғыстау облысы – 234
  13. Павлодар облысы – 186
  14. Қостанай облысы – 175
  15. Ақмола облысы – 154
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 106
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 49.

Аймақтар бойынша қайтыс болғандар мәліметі:

Астана қаласы – 14, Шымкент қаласы – 11, Павлодар облысы – 11, Алматы қаласы – 10, Қарағанды облысы – 7, Ақмола облысы – 4, Батыс Қазақстан облысы – 4, Атырау облысы – 3, Түркістан облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button