Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Украина өзінің Қырымға баратын шекарасын ашады
КИЕВ. 13 маусым. Украинаның мемлекеттік шекара қызметі 14 маусымнан бастап Қырыммен арадағы шекараны ашуға құлықты болып отыр. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.
Украина министрлер кабинетінің шешіміне сай, бақылау бекеттерінде медициналық бақылау кабинеттері болуға тиіс. Ал түбекке келген әрбір азамат өзін өзі оқшауландыру режимінен өтуге тиіс.
Украина шекарасында «Каланчак», «Чонгар» және «Чаплдынка» деген өткізу бекеттері бар. Ал Ресейдің солтүстік шекарасында «Армянск», «Джанкой» және «Перекоп» пункттері тұр.