Илон Масктың компаниясы ғарыш кемесін ұшырды
ВАШИНГТОН. 31 мамыр. Америкалық өнертапқыш Илон Масктің «Space-X» атты жеке компаниясы түнде космос көгіне корабль ұшырды. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.
Бұған дейін мұндай міндетті тек мемлекеттік құрылымдар, атап атқанда, КСРО (Ресей), АҚШ және Қытай ғана жасап келген еді. Осылайша тарихта тұңғыш рет жеке компания ғарыш кемесін ұшырып отыр.
Осыған байланысты Интернет әлеуметтік желісінде «Ресейдің ғарышта үстемдік еткен дәуірі аяқталды» деген сыңайда әңгіме айтып жатқандар бар. Бір жағынан осы арқылы Масктің Ресей космосын қосымша түсіп жатқан қаржы көздерінен қаққалы тұрғаны рас. Бұған дейін бұл ел америкалықтардың «Союз» кемелері ұшырған әрбір ғарыш сапары үшін қомақты ақша алып, жылына 500-600 млн доллар шамасында кіріс кіргізетін. Енді бұл ақшаның болмайтыны анық.
АҚШ болса, 2011 жыоы «Шаттл» корабльдері екінші мәрте ұшу сапары алдында апатқа ұшырағаннан кейін бұдан біржола бас тартқан. Сөйтіп, Халықаралық ғарыш стансасына Ресейдің «Союзы» арқылы барып тұратын еді.