Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Павлодар мектептерінде қазақ сыныптары ашылады

ПАВЛОДАР. 28 мамыр. Павлодар қаласында жаңа оқу жылында барлық мектептерде қазақ сыныптары ашылады. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Осылайша аралас мектептер саны арта түседі.

Павлодар қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары Қуаныш Қадыралиннің айтуынша, қазіргі таңда облыс орталығында қазақ сыныптары жоқ 4 мектеп бар. Олар – №№23, 16, 34 және 13 жалпы орта білім беру мектептері.

«Жаңа оқу жылынан бастап аталған мектептерде де қазақ сыныптары ашылады. Осыған орай бастауыш мектеп мұғалімдері жұмысқа қабылданады. Енді ата-аналар тарапынан қолдау көрсетіліп, балаларын қазақ сыныптарына берсе деген тілек бар. Бұлай дейтінім, ата-аналардың көбі өз тілімізге шорқақтау, сондықтан баланы оқыту қиын болады деп, орыс сыныптарына береді», – деді Қуаныш Қадыралин.

Ашығын айтқанда, қалада ата-аналар тарапынан ұсыныс оншалықты жоғары емес.

Павлодар қаласында қазір 43 мектеп болса, олардың 8-і – қазақ, 4-і орыс тілінде білім береді, 31-і аралас, тағы бір мектеп – жекеменгшікте.

Еске сала кетейік, Павлодарда биыл балалар 1-сыныпқа онлайн арқылы қабылданады. Қабылдау 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button