Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Америкалық қазақ қызы ата-анасын іздейді

АСТАНА. 28 мамыр. АҚШ-та тұратын 20 жасар қазақ қызы Айжа (Әсия) Бергер өзінің биологиялық ата-анасын іздейді. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Қыз 2000 жылы Семей өңірінде туған сияқты. 2001 жылы оны америкалық отбасы асырап алыпты. Оның жаңа отбасында бір әпкесі және бір сіңлісі бар.

Әсияның туған кезде қойылған есімі Салтанат екен. Қазір Флорида штатында тұрады, сонда бір колледжде оқиды. Ағылшын тілінен басқа тіл білмейді.

«Алдымен өзімді таныстырып қояйын, менің аты-жөнім – Айжа Бергер. Бұл есімді маған америкалық ата-анам қойған. Ал қазақша атым – Салтанат. Мені Семейден асырап алған. Бірақ сол жерде дүниеге келдім бе, жоқ па, ол жағын білмеймін. Мені асырап алғанда, Семейдегі балалар үйінде екенмін. 2001 жылы туғаныма 16 ай толғанда алыпты. Мен енді өзімнің шын ата-анамды тапқым келеді. Осыны бұрыннан қалайтынмын. Соның реті енді келген сияқты», – деді ол Facebook қолданушысына берген сұхбатында.

Әсия-Салтанат өзінің асыранды бала екенін жасынан білген. Себебі, түр-түсі ата-анасына ұқсас болмағасын, бірден белгілі еді.

Қыз өзінің қалай асырап алынғанының тарихын білмейді. Ал ата-анасының аты-жөндері Қуат және Құралай Ашқановтар екенін жақсы біледі.

Қыздың биологиялық ата-анасын табу жөніндегі идеясын өзін өсірген ата-анасы қолдапты.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button