Павлодарда әкімнің ұлы шапалақтаған қыздың анасына айыппұл салынды
ПАВЛОДАР. 2 сәуір. Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы мектепте ұрған 14 жасар қыздың анасына айыппұл салынды. Бұл туралы Nege.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Облыстағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осындай ұйғарым жасады.
«Павлодар қаласының тұрғыны ата-аналық тәрбие жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.
Сот процесі барысында №8 мектеп-лицейдің 7-сыныбында оқитын қыз баланың 6-сыныпта оқитын ұлға өзі әдейі тиіскені анықталды. Бұған төзбеген ұл қыздың бетінен шапалақпен ұрған.
Іс материалдарына сәйкес, оқиға оқушы ұл физика сабағына бара жатқанда өзінен бір сынып жоғары оқитын қызбен және оның құрбысымен соқтығысқан қалған. Екі қыз өздерінен төмен оқитын ұлдың жолын жауып, сырт келбеті мен киімін келемеждеп, ары қарай өтіп кетуіне кедергі келтіргендерімен қоймай, қолындағы сусынын тартып алған.
«Мектеп оқушысы өз мектебінің оқушысын қорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл оның кек алу агрессиясына себеп болды. Оқушылар арасында шиеленісті сәттер бұрын да болған: ғылыми жоба бойынша бірге жұмыс істегенде. Бірақ ол кезде бір-біріне қол жұмсамаған», – делінген қаулыда.
Әділдік осылай салтанат құрған тәрізді.