25 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шымкент пен Павлодарда жұртты бопсалап жүрген екі топтың мүшелері ұсталды

26 Қаңтар 2024 23:44
- Аймақ, Жаңалықтар
Шымкент пен Павлодарда жұртты бопсалап жүрген екі топтың мүшелері ұсталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 26 қаңтар. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Шымкент пен Павлодарда жұртты бопсалап жүрген жастар топтарын құрыққа түсірді. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Полиция ведомствосы жастар арасында, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында криминалитет және «ұры» («вор») идеологиясы ықпалына жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар қабылдап жатыр.

23 қаңтарда Шымкент және Павлодар қалаларында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бопсалауларға, тонауларға, алаяқтықтарға, бас бостандығынан заңсыз айыруға қатысы бар екі жастар тобы ұсталды.

Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел әшкерелеу орбитасында 18 жастан 23 жасқа дейінгі аралықтағы бес жас жергілікті тұрғыннан құралған топ болды.

«Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген, содан кейін ақша және тауарларын алған. Оларға бопсалау, тонау және алаяқтық қылмыстары бойынша айып тағылды. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Дәл осыендай жағдайр Шымкент қаласында да қайталанды. Ондағы операция барысында 24 жасқа дейінгі алты адамнан тұратын жастар тобының қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.

«Фигуранттар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өздерінің құрбандарын қорқыту, ұрып-соғу және бас бостандығынан заңсыз айыру арқылы ірі көлемдегі қаражат бопсалаған. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», – деді Қуандық Алпыс.

Қазір аталған фактілер бойынша Шымкент қаласы және Павлодар облысы полиция департаменттерінің тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Ұсталған адамдарға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

Таңбалар: жас бопсалаушыларПавлодарполицияшымкент

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр

07.08.2026
Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды

03.07.2026
Павлодарда өз ұлын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
Жаңалықтар

Павлодарда өз ұлын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

17.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist