Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Бір әйел карантин кезінде байлыққа кенелді

ПОРТЛЕНД. 26 мамыр. АҚШ-тың Орегон штатындағы Портленд қаласында тұратын бір әйелге карантин кезінде сатып алған лотереясы айтарлықтай зор байлық әкелді. Бұл туралы жергілікті KATU телеарнасына сілтеме жасаған Lenta.ru хабарлады.

73 жастағы Шарлин Ашер өзінің сүйікті ресторанынан үнемі лотерея билетін сатып алып жүреді екен. Алайда, коронавирус пандемиясы салдарынан карантин жариялануына байланысты ресторан уақытша жабылып қалыпты. Бұл әйелді үйінің жанындағы азық-түлік дүкенінен лотерея сатып алуға мәжбүрлейді.

Шарлин үйіне келгеннен кейін билеттің ұтысты екенін байқайды. Нақты айтқанда, ол енді өмірінің соңына дейін апта сайын мың доллардан ақша алып тұратын болыпты.

Әйел күтпеген жерден келгелі жатқан бұл қаржыны өз үйінің сырт жағын жөндеп алуға жұмсайтынын айтты. «Менің аулам көшедегі ең көріктісі болады», – деді ол.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button