Израильдің нас тірлігі көп премьері Нетаньяху отставкаға кетті
ТЕЛЬ-АВИВ. 14 маусым. Израиль кнессеті (парламент) кеше үкіметтің жаңа құрамын бекітті, ол мұнда 12 жыл билік құрған Биньямин Нетаньяхудың дәурені біткенін айғақтап берді.
Жаңа үкімет 23 наурыздағы сайлаудың қорытындысы бойынша құрылды. Оны «Еш атид» партиясының лидері Яир Лапид пен «Ямин» партиясының лидері Нафтали Беннет жүргізді.
«Кнессеттің 60 депутаты жаңа үкіметке сенім білдірсе, 59 депутат қарсы болды, 1 депутат қалыс қалды»,– деді парламент спикері Мики Леви дауыс беру қорытындысынан кейін.
Енді алдағы сағаттарда жаңа министрлер кабинеті ант береді. Бұл елді 12 жыл үздіксіз билеп, халықаралық ауқымда көптеген нас тірліктердің жүргізілуіне тікелей ұйытқы болған, мысалы, бейтарап қала – Иерусалимді басып алғаннан бастап, айналасындағы араб елдеріне лаңын салып келген Биньямин Нетаньяхудың дәурені біткенін, оның оппозицияға кеткенін білдіреді.