ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Вирус: Тағы бір «антирекорд» жасалды – 438 оқиға!

АСТАНА. 26 мамыр. Өткен тәулікте елімізде кезекті «антирекордтық» көрсеткіш – 438 оқиға тіркеліп, оның жалпы саны 8969-ға барды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Бұған дейін республика бойынша 21 сәуірде – 214 оқиға (рекорд), 7 мамырда – 225 оқиға (рекорд), 17 мамырда – 307 (рекорд), 19 мамырда – 311 оқиға (рекорд), 20 мамырда – 218 оқиға, 21 мамырда – 268 оқиға, 22 мамырда 363 оқиға (рекорд), 23 мамырда – 322 оқиға, 24 мамырда 403 оқиға (рекорд), 25 мамырда 209 оқиға орын алды. Осымен пандемия басталғалы бері екінші рет 400-діктің үстінен шығып отырмыз. Мұның бәрі соңғы кездері елде коронавирустың шарықтау шегіне жетіп тұрғанын көрсетеді.

Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 438 оқиғаның аймақтар арасында бөлінісі мынадай:

Алматы қаласы – 75, Шымкент қаласы – 69, Қарағанды облысы – 67, Астана қаласы – 56, Жамбыл облысы – 51, Батыс Қазақстан облысы – 38, Атырау облысы – 32, Түркістан облысы – 17, Алматы облысы – 12, Қызылорда облысы – 8, Маңғыстау облысы – 5, Қостанай облысы – 5, Ақтөбе облысы – 2, Ақмола облысы – 1.

Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткен Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары болды.

Бұл аралықта Жамбыл облысы – Түркістан облысын, ал Алматы облысы Қызылорда облысын ығыстырып шығарды.

Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:

  1. Алматы қаласы – 2276
  2. Астана қаласы – 1686
  3. Атырау облысы – 923
  4. Шымкент қаласы – 675
  5. Қарағанды облысы – 662
  6. Батыс Қазақстан облысы – 452
  7. Жамбыл облысы – 343
  8. Түркістан облысы – 332
  9. Алматы облысы – 300
  10. Қызылорда облысы – 297
  11. Ақтөбе облысы – 278
  12. Павлодар облысы – 187
  13. Маңғыстау облысы – 172
  14. Ақмола облысы – 147
  15. Қостанай облысы – 127
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 66
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 46.

Осы кезге дейін 4515 адам жазылып, 35 адам қайтыс болды.

Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:  

  1. Алматы қаласы – 1276
  2. Астана қаласы – 914
  3. Батыс Қазақстан облысы – 251
  4. Атырау облысы – 233
  5. Қызылорда облысы – 228
  6. Шымкент қаласы – 222
  7. Қарағанды облысы – 191
  8. Түркістан облысы – 182
  9. Алматы облысы – 178
  10. Жамбыл облысы – 173
  11. Ақтөбе облысы – 172
  12. Павлодар облысы – 148
  13. Ақмола облысы – 104
  14. Маңғыстау облысы – 103
  15. Қостанай облысы – 60
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 47
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 33.

Аймақтар бойынша қайтыс болғандардың мәліметі:

Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button