Індет: Тәулікте рекордтың «көкесі» көрінді – 403!
АСТАНА. 24 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 403 індет жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 8322-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Коронавирустың беті қайтатын емес, бұрынғыдан да күшейіп барады. Олай дейтініміз, өткен тәулікте кезекті антирекорд жасалып, ол бірінші рет төртжүздіктің үстіне шығып кетті – 403!
Бұған дейін 21 сәуірде – 214 оқиға (рекорд), 7 мамырда – 225 оқиға (рекорд), 17 мамырда – 307 (рекорд), 19 мамырда – 311 оқиға (рекорд), 20 мамырда – 218 оқиға, 21 мамырда – 268 оқиға, 22 мамырда 363 оқиға (рекорд), ал 23 мамырда 322 оқиға орын алып, жоғары көрсеткіштер белгіленді.
Өткен тәулікте Алматы облысы Қызылорда облысын 8-орыннан да ығыстырып жіберді.
Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 403 оқиғаның аймақтар арасында бөлінісі мынадай:
Алматы қаласы – 97, Қарағанды облысы – 90, Астана қаласы – 58, Шымкент қаласы – 33, Түркістан облысы – 33, Атырау облысы – 22, Ақтөбе облысы – 18, Батыс Қазақстан облысы – 16, Жамбыл облысы – 10, Алматы облысы – 6, Солтүстік Қазақстан облысы – 6, Қызылорда облысы – 5, Қостанай облысы – 5, Маңғыстау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 2.
Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер Павлодар және Ақмола облыстары болды
Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 2164, Астана қаласы – 1598, Атырау облысы – 879, Шымкент қаласы – 606, Қарағанды облысы – 562, Батыс Қазақстан облысы – 386, Түркістан облысы – 315, Алматы облысы – 284, Қызылорда облысы – 283, Ақтөбе облысы – 270, Жамбыл облысы – 259, Павлодар облысы – 177, Маңғыстау облысы – 166, Ақмола облысы – 145, Қостанай облысы – 120, Шығыс Қазақстан облысы – 62, Солтүстік Қазақстан облысы – 46.
Осы кезге дейін 4214 адам жазылып, 35 адам қайтыс болды.
Көз жұмғандар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.