Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Формамен бірге қалпақ киген прокурор жаза алды

БІШКЕК. 24 мамыр. «Мәңгілік отқа» гүл қою іс-шарасы кезінде формамен бірге қалпақ киіп алғаны үшін Ош шаһарының прокуроры Кубат Абдраимов қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза алды. Бұл туралы Reporter.kg хабарлады.

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенген портал прокурорды жазаға тарту туралы шешімнің 20 мамырда шыққанын баяндайды. Прокурорға «қызметтік этиканы бұзды» деген айып тағылған. Осыған байланысты ол берілгелі тұрған сыйақыдан да қағылған.

Айта кетейік, оқиға 9 мамыр күні орын алған. Прокурор Кубат Абдраимов Ош шаһарында Жеңіс күні құрметіне өткен іс-шараға қатысқан. Сурет сол кезде түсірілген. Осыдан кейін рәсім интернетке кеңінен тарап кеткен. Желіде оны қолдағандар да табылған, керісінше сынға алғандар да болған.

Осы хабардың қырғыз тіліндегі түпнұсқасы мынадай:

Форма менен калпак кийген прокурор тартиптик жазага тартылды

Өчпөс отко гүл коюу иш-чарасында форма менен калпак кийгени үчүн Ош шаарынын прокурору Кубат Абдраимовго катуу сөгүш берилди. Бул тууралуу Башкы прокуратурадан билдиришти.

Маалыматка ылайык, прокурорду тартип жазага тартуу тууралуу чечим 20-майда чыккан. Абдраимовдун кызматтык этиканы бузганы үчүн ага бериле турган сый акы дагы жокко чыгарылган.

Белгилей кетсек, Кубат Абдраимовдун калпакчан сүрөтү 9-май күнү Ош шаарында чакан курам катышкан Жеңиш күнүн белгилөө иш чарасында тартылган. Анын сүрөтү интернетке тарап кеткен соң аны колдогондор дагы сындагандар дагы болгон.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button