Індет: көрсеткіш 6969 деген сиқырлы санға жетті
АСТАНА. 20 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 218 індет жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 6969-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
6969! Сиқырлы сан. Бәлки, осыдан кейін біртіндеп пандемияның қарқыны қайтатын шығар.
Өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 218 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Шымкент қаласы – 50, Алматы қаласы – 37, Астана қаласы – 32, Қарағанды облысы – 24, Атырау облысы – 23, Қостанай облысы – 12, Батыс Қазақстан облысы – 10, Жамбыл облысы – 9, Алматы облысы – 7, Қызылорда облысы – 5, Түркістан облысы – 5, Ақтөбе облысы – 3, Маңғыстау облысы – 1.
Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарында Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1909, Астана қаласы – 1319, Атырау облысы – 792, Шымкент қаласы – 485, Батыс Қазақстан облысы – 339, Қарағанды облысы – 287, Қызылорда облысы – 255, Түркістан облысы – 245, Ақтөбе облысы – 231, Алматы облысы – 219, Жамбыл облысы – 217, Павлодар облысы – 167, Маңғыстау облысы – 163, Ақмола облысы – 134, Қостанай облысы – 110, Шығыс Қазақстан облысы – 58, Солтүстік Қазақстан облысы – 39.
Осы кезге дейін 3598 адам жазылып, 35 адам жантәсілім етті.
Сауығып шыққандардың аймақтар бойынша көрсеткішін бермейміз. Өйткені, ол цифрларға қарап, бірдеңе түсіне қою қиын.
Ал көз жұмғандар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.