ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Өткен тәулік тағы бір «антирекорд» тіркеді. Бұл жолы – 311!

АСТАНА. 19 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 311 індет жұқтыру оқиғасы тіркеліп, коронавирус пандемиясы басталғалы тағы бір мәрте «антирекорд» жасалды. Ал вирус жұқтырушылардың жалпы саны 6751-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Бұған дейін 21 сәуірде – 214 оқиға, 7 мамырда – 225 оқиға, 17 мамырда – 307 оқиға орын алып, ең жоғары көрсеткіштер дүниеге келген еді.

Өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 311 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Атырау облысы – 142, Астана қаласы – 36, Шымкент қаласы – 31, Алматы қаласы – 24, Қостанай облысы – 19, Түркістан облысы – 18, Қарағанды облысы – 13, Ақмола облысы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 6, Қызылорда облысы – 4, Жамбыл облысы – 3, Алматы облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Маңғыстау облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарында Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Байқап тұрғандарыңыздай, соңғы күндері Атырау облысы, Астана, Алматы және Шымкент қалалары «ұрып» тұр. Әсіресе, Атыраудың көрсеткіштері «естен тандырады». Бұл облыста 15 мамырда – 17 дерек, 16 мамырда – 32 дерек, 17 мамырда – 35 дерек, 18 мамырда – 86 дерек, ал өткен тәулікте 142 дерек тіркеліп, аймақтың бұған дейінгі көрсеткіштерінің бәрін артта қалдырып кетті. Атыраулықтар қысқа уақыттың ішінде үшінші орында келе жатқан қызылордалықтарды басып озып, одан бүгінде 3 еседен де көп деңгейге жетіп отыр.

Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1872, Астана қаласы – 1287, Атырау облысы – 769, Шымкент қаласы – 435, Батыс Қазақстан облысы – 329, Қарағанды облысы – 263, Қызылорда облысы – 250, Түркістан облысы – 240, Ақтөбе облысы – 228, Алматы облысы – 212, Жамбыл облысы – 208, Павлодар облысы – 167, Маңғыстау облысы – 162, Ақмола облысы – 134, Қостанай облысы – 98, Шығыс Қазақстан облысы – 58, Солтүстік Қазақстан облысы – 39.

Осы кезге дейін 3469 адам жазылып, 35 адам жантәсілім етті. Тәулік ішінде Алматы қаласында 1961 жылы туған әйел коронавирустан бақилық болды.

Сауығып шыққандардың аймақтар бойынша көрсеткішін бермейміз. Өйткені, ол цифрларға қарап бірдеңе түсіне қою қиын.

Ал көз жұмғандар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button