Коронавирус: «Үштік» құрамына Атырау облысы енді
АСТАНА. 6 мамыр. Қазақстанда өткен тәулікте 156 инфекция тіркеліп, оның жалпы саны 4277-ге барды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Естеріңізде болса, өткен тәуліктегі көрсеткішіміз 157 болып еді, содан 1 сан төмен түсіппіз. Демек, «құлдырау» әлі бастала қоймаса керек.
Айтқандай, тәулік ішінде көптен бері бірінші рет алғашқы «үштіктің» құрамы өзгерді: үшінші орындағы Қызылорда облысын бүгін таңертең бірден 14 жұқтырушыны тіркеген Атырау облысы ығыстырып шығарды. «Антижарыс» жалғасып келеді.
Сонымен, кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі тәулік ішінде тіркелген 156 дерек аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 57, Астана қаласы – 31, Атырау облысы – 21, Қарағанды облысы – 10, Ақтөбе облысы – 8, Алматы облысы – 7, Батыс Қазақстан облысы – 5, Жамбыл облысы – 4, Маңғыстау облысы – 4, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 2, Павлодар облысы – 2, Шымкент қаласы – 1, Түркістан облысы – 1.
Тәулікте вирустан «аман» кеткендер арасында Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Байқап тұрғандарыңыздай, әдеттегіше Алматы «ұрып» тұр. Астана соның соңынан шауып келеді. Ал Солтүстік Қазақстанның «феноменін» түсініп болар емеспіз, міне, үш аптадан асып кетті, оның «30» деген бір көрсеткіші мызғымай тұр, сауығып шыққандары да салыстырмалы түрде пәлендей өзгеріп жатқан жоқ, құдды бір бұл жақта тіршілік тоқтап қалған сияқты.
Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1392, Астана қаласы – 754, Атырау облысы – 223, Қызылорда облысы – 218, Шымкент қаласы – 216, Батыс Қазақстан облысы – 203, Ақтөбе облысы – 168, Қарағанды облысы – 169, Алматы облысы – 163, Жамбыл облысы – 162, Түркістан облысы – 155, Павлодар облысы – 152, Ақмола облысы – 101, Маңғыстау облысы – 88, Қостанай облысы – 53, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы – 30.
Келесі дерек: Осы кезге дейін 1279 адам жазылып шығып, 29 адам қайтыс болды.
Сауығып шыққандар аймақтар бойынша былайша бөлінеді: Астана қаласы – 323, Алматы қаласы – 218, Қызылора облысы – 140, Ақмола облысы – 89, Қарағанды облысы – 79, Атырау облысы – 78, Шымкент қаласы – 61, Жамбыл облысы – 54, Түркістан облысы – 52, Батыс Қазақстан облысы – 41, Алматы облысы – 39, Ақтөбе облысы – 33, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Қостанай облысы – 15, Павлодар облысы – 12, Маңғыстау облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 8.
Қайтыс болғандардың есебі мынадай: Алматы қаласы – 8, Шымкент қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 3, Қарағанды облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.