ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Коронавирус елімізде 4 мыңдықтан асып барады

АСТАНА. 5 мамыр. Қазақстанда өткен тәулікте 157 инфекция тіркеліп, оның жалпы саны 4121-ге барды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі тәулік ішінде тіркелген 157 дерек аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 44, Астана қаласы – 25, Түркістан облысы – 19, Маңғыстау облысы – 19, Атырау облысы – 18, Батыс Қазақстан облысы – 12, Алматы облысы – 7, Жамбыл облысы – 6, Шымкент қаласы – 3, Қызылорда облысы – 2, Ақмола облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткендер арасында Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1335, Астана қаласы – 723, Қызылорда облысы – 216, Шымкент қаласы – 215, Атырау облысы – 202, Батыс Қазақстан облысы – 198, Ақтөбе облысы – 160, Қарағанды облысы – 159, Жамбыл облысы – 158, Алматы облысы – 156, Түркістан облысы – 154, Павлодар облысы – 150, Ақмола облысы – 101, Маңғыстау облысы – 84, Қостанай облысы – 50, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы – 30.

Осы кезге дейін 1173 адам жазылып шығып, 29 адам қайтыс болды.

Сауығып шыққандар аймақтар бойынша былайша бөлінеді: Астана қаласы – 303, Алматы қаласы – 188, Қызылора облысы – 138, Ақмола облысы – 79, Қарағанды облысы – 77, Атырау облысы – 76, Түркістан облысы – 52, Шымкент қаласы – 51, Жамбыл облысы – 51, Батыс Қазақстан облысы – 36, Алматы облысы – 30, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Ақтөбе облысы – 20, Павлодар облысы – 12, Маңғыстау облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 8.

Қайтыс болғандардың есебі мынадай: Алматы қаласы – 8, Шымкент қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 3, Қарағанды облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button