Қытайда ковидтің құпиясын білетіндер жоғалып кетті
БЕЙЖІҢ. 28 сәуір. Қытай астанасында коронавирус туралы тыйым салынған мақалалардың көшірмелерін сақтағандары үшін полиция ұстаған интернет белсенділері жоғалып кетті. Бұл туралы «Daily Mail» газеті хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Чен Мэй, Кай Вэй және Кайдың тегі Танг болып аталатын құрбысы 19 сәуір күні полиция тергегеннен кейін үшті-күйлі жоғалып кеткен. Тергеушілер Вэй мен Тангты жұртты тәртіпсіздікке арандатты деп айыптаған. Құқық қорғаушылардың ұсталғандар туыстарына жеткізген хабарына қарағанда, олар қазір бақылауға алынған.
Ал Ченнің ағасы Чэнь Кун әлі күнге дейін биліктерден інісінің ұсталғаны туралы ресми мәлімдеме күтіп отырғанын айтады. «Біз Ченнің де, Кайдың да бір жобаны жасауға қатысқанын ескерсек, олардың жоғалып кетулері сол жұмысқа байланысты болуы керек», – дейді ол.
Жоба сайтында коронавирусқа байланысты алуан түрлі оқиғалар туралы билік жариялауға тыйым салған мақалалар жарияланған. Мысалы, Ухань тұрғындарының әңгімелері мен қаланың орталық ауруханасының аурудың тарауы жайлы алғашқылардың бірі болып хабарлаған дәрігері Ай Фенмен жүргізілген сұхбат солардың қатарына жатады.
Басылым жазып отырғандай, «тәртіпсіздіктерге арандатты» деген шындыққа оншалықты жуыықтай бермейтін анықтама Қытай билігінің белсенділерді қуғын-сүргінге түсіріп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырарда көп қолданатын айыптауларының бірі болып табылады.
«Daily Mail» газеті бұған дейін Уханьдағы коронавирус дүмпуі жайлы жазған қытайлық үш журналистің жоқ болып кеткенін хабарлаған еді. Сол үш репортер – Чэнь Цюши, Фан Бин және Ли Цзэхуа қаладағы эпидемияның шынайы ауқымын көрсетпек болып, в YouTube пен Twitter-ге аузы-мұрнынан шығып жатқан мәйітханалар мен ауруханалардың видеожазбаларын жүктеген болатын. Олар 6-26 ақпан аралығында жоғалып кетті, содан бері қайда екендерін белгісіз қалыпта қалып отыр.
Уханьда коронавирустың жаңа типі қоздырған COVID-19 пневмониясының жарқылы бірінші рет 2019 жылғы желтоқсан айында тіркелді. Ал 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жағдайға пандемия ретінде баға беруге болатынын мәлімдеді.