Қытай вирус тарауының кінәсін Қазақстанға жауып жатыр
БЕЙЖІҢ. 27 сәуір. Қытай коронавирус инфекциясының тарап кетуіне жауапкершілікті Қазақстанға аудара салудың әркеттерін жасап жатыр. Бұл туралы ҚХР-дың «Горькая зима» атты журналына сілтеме жасаған ҚазТАГ хабарлады.
Қытайдың наным-сенім бостандығы мен адам құқығы туралы жазатын басылымы ел билігінің COVID-19-дың тарап кетуіне Қазақстанды айыпты етіп шығарғысы келіп отырғанын баяндайды.
«Бірқатар Еуропа елдері мен АҚШ қазір коронавирус пандемиясының адамзат пен әлем экономикасына әкелген зардаптары үшін Қытайды кінәлап отыр және бұл үшін миллиардтаған доллар көлемінде өтемақы талап етудің заңды тәсілдерін қарастырып жатыр. Ал Қытай Ухань вирусы үшін өзінің айыбын жоққа шығарып, барлық жауапкершілікті Қазақстанға аударып салуға әрекет жасап бағуда. Егер бұл жалалы ақпарат шиеленісе түссе, Қазақстан халықаралық қауымдастықтың көз алдында айыпталып шығып, оның бұдан өзін ақтап алуы қиынға соғады», – делінген журнал хабарламасында.
Басылым еске салғандай, Қазақстан 14 сәуір күні өз елінің территориясы бір замандары Қытайдың бір бөлшегі болған деген мазмұнда жазылған мақалаға орай наразылық нотасын жолдаған болатын.
«Қазақстанның наразылық нотасын жіберуіне себепші болған мақала бұл ел үшін Sohu.com веб-сайтында жарияланған зұлым вирустың америкалық әскерилердің қаржылай қолдау көрсетуімен Қазақстанда, Алматыдағы зертханада дайындалғанын, содан кейін қандай жолмен Қытайға «тарағанын» мәлімдейтін жалған ақпараттан қауіпті емес», – деп деп атап өтеді журнал бұдан әрі.
Басылым «қалыптасып отырған жағдайды талдай отырып», «Территориялық талап жасалуына орай Қытайға наразылық жолдаған Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан мүдделеріне зиян келтіретін жағдайлардың ішіндегі ең әлсізін таңдап алды» деген тұжырымға келеді. «Сондықтан Қытайдың елшісі Чжан Сяо Қазақстан наразылық нотасының түкке тұрғысыздығын айқын байқатты. Ол «Global Times»-та (бұл – Қытай компартиясының халықаралық мінбесі) жарияланған мақаласында өзінің сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевпен кездесуі «мамыражай және достық рәуіште» өткенін атап көрсетті. Чжан наразылық нотасын атай отырып, оның екінші кезектегі инцидент екенін баса айтты. Елші Чжан Сяоның сөзін бұдан әрі Қытай баспасөзі іліп әкетіп, одан дәйектемелер келтіріп жатты. Соның ішінде «Қазақстан Қытай сайттары туралы болмашы мәселеге кеңінен орын беріп жіберді. Бұл екі ел дипломатиясында әлі де кемшілік көп екенін көрсетеді» дегенді жарыса жариялады», – деп жазады журнал Қытай БАҚ-тарына шолу жасап.
Материалда Қытай елшісінің «наразылық нотасын жолдаған Қазақстан сыртқы істер министрлігін келекеге айналдырғаны» айтылады.