Түркістанда сот төрағасы парамен қолға түсті
ТҮРКІСТАН. 27 сәуір. Түркістан облыстық азаматтық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы парамен ұсталды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Түркістан облыстық азаматтық сотының төрағасы Түгел Бекбайұлы Бекімбетовті жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері ұстады. Сот төрағасы азаматтық істі апелляциялық тәртіппен ыңғайлы етіп шешу үшін 220 мың теңге көлемінде кезекті мәрте пара алып жатқан жерінде қолға түсті», – деп хабарлады жексенбі күні ақпарат порталы өзінің тұрақты оқырманынан сілеме жасап.
Анықталғанындай, Бекімбетов 26 сәуір күні ұсталған.
Бұған қосарымыз, Түгел Бекімбетов 1963 жылы Өзбекстанға қарасты Қарақалпақстан республикасындағы Тахияташ қаласында туған. Ташкент университетін бітірген. Заң ғылымдарының докторы. 2015 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық азаматтық соты азаматтық істер сот алқасының төрағасы болып тағайындалған.