УЕФА чемпионаттар тағдырын келесі айда шешеді
АМСТЕРДАМ. 24 сәуір. Еуропа футбол ассоциациялары одағы (УЕФА) ұлттық чемпионаттар, еурокубоктар және құрамаларын ойындарын өткізу туралы мәселені шешуді ақтару комитетінің 27 мамырда өтетін келесі отырысына қалдырды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Ұйым әлі де бұрынғысынша барлық ұлттық турнирлерді соңына дейін ойнап шығу принципін ұстанып отыр.
Бейсенбі күні УЕФА атқару комитетінің видео форматында өткен отырысында бұларды өткізудің екі түрлі нұсқасы ұсынылды. Олардың біріншісі ұлттық біріншіліктер мен екрокубок турнирлерін қатарластыра өткізуді, екіншісі тамызда УЕФА аясындағы турнирлер жалғасқанға дейін ішкі чемпионаттарды аяқтап шығу көзделеді.
Еуропа елдерінің көпшілігінде қазір коронавирустың салдарынан ұлттық чемпионаттар тоқтап тұр, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы матчтары ойналып жатқан жоқ. Бұлар жөнінде нақты шешім енді 27 мамыр күні өтетін атқары комитеті отырысында қабылданбақшы.
Биылғы 17 наурызда пандемия салдарынан Еуропа чемпионатын биылғы жылғы 12 маусым – 12 шілде мерзімімен 2021 жылғы 11 маусым – 11 шілде кезеңіне ауыстыру жөнінде шешім қабылданған болатын. Бірақ соған қарамастан, чемпионат өзінің «Еуро-2020» деген атауын сақтап қалады.