Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Неймар қарақшылық шабуылы үшін айыпталып жатыр

САН-ПАУЛУ. 15 мамыр. Бразилия мемлекеттік депутатының көмекшісі, ЛГБТ (бисексуал) белсендісі Агрипиньо Магальяйнш бразилиялық форвардтың үстінен сотқа шағым түсірді. Бұл туралы «Sport-express» хабарлады.

Шағым беруші Бразилия құрамасы мен француздың ПСЖ командасының шабуылшысы Неймарды өзін қарулы жолмен тонауды ұйымдастырды деп айыптайды.

Магальяйнш өзіне шабуыл жасалуына футболшы тарапынан болуы ықтимал гомофобия (бисексуалдарға қарсылық) жайында бірнеше мақала жазғаны басты себеп болған деп есептейді. Ол сондай-ақ футболшының адвокаты Дави де Пайва Коста Тангериннің өзін өлтірем деп қорқытқанын да айтады.

Талап-арыз беруші осыдан кейін еркін жүруден қалғанын, өз өмірі үшін қорқатынын, бұған төлемақы ретінде бір миллион бразил реалын (190 мың доллар) талап ететінін жеткізген.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button