Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Ғалымдар Моңғолиядағы көне түркі мұрасын зерттеп қайтты

УЛААНБААТАР. 26 қаңтар. Түркияның бір топ ғалымдары Моңғолия жерінде болып, ондағы көне түркі мұрасын зерттеп оралды. Бұл туралы ARD ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Түрік ғалымдары Моңғолияға барып, онда көне түркі тайпаларының көктүрік және ұйғыр тайпаларының көркем жәдігерлерін, археологиялық олжаларын, мұражайлары мен қоныстарын кеңінен зерттеді.

Зерттеу тобы әртүрлі орындарды, соның ішінде Орхон алқабын аралап, екі түрік билеушісі Күлтегін мен оның інісі Білге қағанның тұстарындағы қирандыларды қарап көрді.

Топ мүшесі, көне түрік өнері мен мифологиясының маман өнертанушысы, профессор Яшар Чоруғлу (суретте) танымдық турдан алған әсерлерін ортаға салды.

«Біз алдымен Кошо-Цайдам аймағындағы Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ғибадатханаларының қирандыларын зерттедік», – деп атап өтті Чоруғлу. Рас, мұнда ежелгі ескерткіштердің бір бөлігі ғана қалған, себебі, біраз бұйымдар жаңадан салынған Кошо-Цайдам мұражайына апарып қойылған.

Яшар Чоруғлы «экспонаттар бастапқы орындарында қалуы керек еді» дейді. «Осы кешендердің үстіне мұражай ғимаратын салып, бұрыннан барын сақтап, жоқтарын қайта жаңғыртқан дұрысырақ болған болар еді», – дейді ол.

«Дегенмен, жақында ашылған мұражай да шағын әрі тартымды», – деді Чоруғлу.

Экскурсия сонымен қатар ең маңызды сәулет ескерткіштерінің бірі –Шивет-Улаан храмын да қамтыды.

«Храм ретіндегі атағымен туристерді қызықтыратын бұл құрылым оқшау және жету қиын жерде тұрғанына қарамастан, өте тозғын және қорғалмаған күйде екен», – деді Чоруғлу. Адамдар мен жануарлар бейнеленген тегіс тастар мен тас мүсіндер қолды болыпты, олардан қалғандары жерде шашылып жатыр.

Экскурсия соңында ғалымдар өз зерттеулерінің нәтижелерін баяндау үшін Түркия елшілігінде болды. Олар әйгілі ғибадатхананың аянышты жағдайына тоқталып, оны сақтап қалу үшін жоба жасауды ұсынды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button