АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Коронавирус: көрсеткіш 2000-дықтың үстіне шығып кетті

АСТАНА. 22 сәуір. Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирустың 76 оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 2025-ке жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Кеше Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда ковидтің тарауы өзінің шарықтау шегіне жеткенін мәлімдеді.

Осыған орай енді соңғы күндердің хроникасына шолу жасап өтер болсақ, біздің көз алдымызға мынадай деректер көрсеткіштері келер еді: 17 сәуірде – 139; 18 сәуірде – 121; 19 сәуірде – 63; 20 сәуірде – 81; 21 сәуірде – 214; 22-сәуірде – 76 оқиға.

Кейінгі 76 дерек өткен тәулік ішінде былай тарады: кеше сағат 12:30-да – 18 дерек; сағат 20:05-те – 10 дерек; сағат 22:35-те – 18 дерек; ал бүгін таңертең сағат 09:25-те – 30 дерек..

Бірінші есепте (18) Шымкент қаласынан – 11, Алматы облысынан – 3, Қарағанды облысынан – 2, Алматы қаласынан – 1, Атырау облысынан – 1; екінші есепте (10) Алматы қаласынан – 3, Астана – 2, Батыс Қазақстан облысынан – 2, Шығыс Қазақстан облысынан – 2, Маңғыстау облысынан – 1; үшінші есепте (18) Алматы қаласынан – 6, Жамбыл облысынан – 5, Атырау облысынан – 2, Алматы облысынан – 2, Астана қаласынан – 1, Ақмола облысынан – 1, Павлодар облысынан – 1; ал бүгін таңертеңгі төртінші есепте (30) Астана қаласынан – 8, Қостанай облысынан – 7, Жамбыл облысынан – 6, Павлодар облысынан – 3, Алматы қаласынан – 2, Батыс Қазақстан облысынан – 2, Маңғыстау облысынан 2 оқиға шықты.

Сонымен, тура бір тәулік ішінде тіркелген 76 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 12, Астана қаласы – 11, Шымкент қаласы – 11, Жамбыл облысы – 11, Қостанай облысы – 7, Алматы облысы – 5, Батыс Қазақстан облысы – 4, Павлодар облысы – 4, Атырау облысы – 3, Маңғыстау облысы – 3, Қарағанды облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Ақмола облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткен аймақтар арасында Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары бар.

Қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 680, Астана қаласы – 401, Қызылорда облысы – 151, Шымкент қаласы – 103, Қарағанды облысы – 101, Ақмола облысы – 83, Атырау облысы – 82, Жамбыл облысы – 76, Батыс Қазақстан облысы – 72, Түркістан облысы – 65, Алматы облысы – 55, Павлодар облысы – 37, Қостанай облысы – 34, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Ақтөбе облысы – 27, Маңғыстау облысы – 15, Шығыс Қазақстан облысы – 11.

Осы кезге дейін республика бойынша 489 адам жазылып шықты.

Олар мына қалалар мен аймақтардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 205, Алматы қаласы – 88, Қызылорда облысы – 26, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Жамбыл облысы – 24, Атырау облысы – 23, Ақмола облысы – 19, Түркістан облысы – 18, Қарағанды облысы – 17, Шымкент қаласы – 16, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Павлодар облысы – 1.

Қайтыс болғандар саны – 19. Бұлар Алматы қаласында (5), Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (3), Астана қаласында (2), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысында (1), Павлодар облысында (1), Шығыс Қазақстан облысында (1), Қостанай облысында (1) тіркелді.

Ескертпе. Біз республикада коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып келеміз.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button