Жаңалықтар жаңғырығыСпорт
Германия футбол чемпионатын 9 мамырда қолға алады
БОНН. 21 сәуір. Германияда футбол чемпионатын 9 мамырда қайта жалғастыру жөнінде мәміле жасалды. Бұл туралы Die Welt газеті хабарлады.
Бұған қатысты әңгімені алдымен Бавария премьер-министрі Маркус Зедер көтерді.
Шенеуніктің айтуынша, мұндай шешім қабылдағанда барынша мұқият әрі абай болу керек. Ол жақын арада болатын футбол матчтары стадиондарда адам отырмайтын жағдайда ғана мүмкін болады.
Наурыз айының соңында Бундеслигада ойнайтын футболшылардың пандемия кезінде айлықтарының төмендетілуіне қарсы болмайтындары жайында сөз қозғалды. Мұны клубтардың көптеген қызметкерлерін сақтап қалу үшін керек болатыны айтылды.
Футбол лигаларының көпшілігі коронавирус салдарынан чемпионаттарын тоқтатқан болатын.