АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда вирусқа тап болғандар 1735-ке жетті

АСТАНА. 20 сәуір. Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырып алғандар саны бүгін таңертең 1735-ке жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Елдегі эпидемиологиялық ахуал елорда уақыты бойынша 09:25 сағатта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1735-ке барғанын көрсетті.

Кешегі таңертеңнен бүгінгі таңертеңге дейінгі бір тәулік ішінде елде тағы 81 оқиға тіркелді. Бұл жөніндегі көрсеткіш 17 сәуірде – 139, 18 сәуірде – 121, ал кеше азанда 63 болған еді. Енді бәрін ретімен баяндайық.

Кеше сағат 12:10-да – 7; сағат 17:20-да – 15; сағат 23:10-да – 35; ал бүгін сағат 09:25-те 24 коронавирус оқиғасы тіркелді.

Бірінші есепте (7) Шымкент қаласынан – 4, Астана қаласынан – 2, Алматы қаласынан – 1; екінші есепте (15) Алматы қаласынан – 5, Павлодар облысынан – 4, Қарағанды облысынан – 3, Астана қаласынан – 1, Атырау облысынан – 1, Жамбыл облысынан – 1, үшінші есепте (35) Батыс Қазақстан облысынан – 7, Қостанай облысынан – 6, Алматы қаласынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 16, Алматы қаласынан – 6, Шымкент қаласынан – 5, Алматы облысынан – 3, Түркістан облысынан – 3, Қызылорда облысынан – 1, Солтүстік Қазақстан облысынан – 1; ал бүгін таңертеңі төртінші есепте (24) Астана қаласынан – 9, Шымкент қаласынан – 4, Павлодар облысынан – 4, Қостанай облысынан – 4, Алматы қаласынан – 1, Қызылорда облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан 1 дерек шықты.

Сонымен, тура бір тәулік ішінде тіркелген 81 оқиға мынадай бөлініске түсті: Батыс Қазақстан облысы – 17, Шымкент қаласы – 13, Алматы қаласы – 13, Астана қаласы – 12, Павлодар облысы – 8, Қостанай облысы – 4, Алматы облысы – 3, Қарағанды облысы – 3, Түркістан облысы – 3, Қызылорда облысы – 2, Атырау облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткен аймақтар арасында Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола облыстары бар.

Қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 525, Астана қаласы – 381, Қызылорда облысы – 149, Қарағанды облысы – 93, Ақмола облысы – 82, Атырау облысы – 80, Шымкент қаласы – 71, Батыс Қазақстан облысы – 63, Жамбыл облысы – 61, Түркістан облысы – 60, Алматы облысы – 44, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Павлодар облысы – 30, Ақтөбе облысы – 27, Қостанай облысы – 19, Маңғыстау облысы – 12, Шығыс Қазақстан облысы – 8.

Осы кезге дейін республика бойынша 401 адам жазылып шықты.

Олар мыналардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 177, Алматы қаласынан – 84, Қызылорда облысы – 24, Атырау облысынан – 21, Солтүстік Қазақстан облысынан – 18, Ақмола облысы – 17, Шымкент қаласы – 12, Алматы облысы – 8, Түркістан облысы – 7, Жамбыл облысынан – 6, Қарағанды облысы – 5, Ақтөбе облысынан – 5, Батыс Қазақстан облысынан – 2, Павлодар облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1.

Әзірге Қостанай облысында емделіп шыққан ешкім жоқ

Қайтыс болғандар саны – 19. Бұлар Алматы қаласында (5), Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (3), Астана қаласында (2), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысы (1), Павлодар облысы (1), Шығыс Қазақстан облысы (1), Қостанай облысында (1) тіркелді.

Ескертпе. Бұдан былай біз республикада коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертеңгі жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұратын боламыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button