Коронавирус қандай температурада жойылып кетеді?
ПАРИЖ. 18 сәуір. Француз ғалымдары коронавирустың қандай температурада жойылып кететінін анықтады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Францияның Прованс университетінің бір топ ғалымдарының тұжырымдары бойынша, коронавирус инфекциясын 92 градустық ыстықта 15 минут ұстап тұрса болды, ол өзінен өзі құрып кетеді.
Зерттеушілер коронавирусты алдымен бір сағат бойы 60 градусқа дейін қыздырған. Осыдан кейін де оның кейбір штаммдары әлі көбейіп кетуге қабілеттілік танытқан. Бұдан кейін ыстықты 92 градусқа дейін жеткізіп, 15 минут ұстап тұрғанда, коронавирус белсенділігі толық тоқтаған.
Француз ғалымдары эксперимент үшін Германияда тұратын пациенттен коронавирус жұқтырып алған Африканың жасыл маймылының бүйректері жасушаларын пайдаланып көрген.
Эксперимент авторлары өздерінің зерттеулері нәтижелерінің вирусты залалсыздандыруға мейлінше тиімді болатынын айтып отыр.