ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Кәсіпкерлер уақытша мүлік салығынан босатылды

АСТАНА. 18 сәуір. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында «Атамекен» ұлтық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров кәсіпкерлердің жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылғанын айтты. Бұл туралы BAQ.kz хабарлады.
Салықтық жеңілдіктер бойынша Үкіметтің екі қаулысы шықты. Оның негізінде жер көлемі екі мың шаршы метрден астам ірі сауда орталықтары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, спорт және денешынықтыру нысандары және туризм, жалпылама тамақтандыру, қонақүй бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер осы жылдың 31 желтоқсанына дейін мүлік салығынан босатылған.

«Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосымша құн салығы 8 пайызға төмендеді. Жалпы қолданыстағы режиммен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жеке табыс салығынан босатылған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын өндірушілер де жыл соңына дейін  жер салығынан босатылған. Барлық салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеу бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне кейінге шегеру шарасы жасалды», – деді ол.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Ол бойынша еңбекақы төлеу қорына келіп түсетін салықтар мен әлеуметтік төлемдерден де кәсіпкерлер босатылатын болады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button