Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Мәскеуде оқшалану тәртібін бұзған бомжға айып салынды
МӘСКЕУ. 17 сәуір. Мәскеуде өзін өзі оқшауландыру тәртібін бұзған үйсіз-күйсіз жүрген адамға айыппұл салынды. Бұл туралы «Медиазона» хабарлады.
«Мәскеуде полицейлер өзін өзі оқшауландыру ережесін бұзған бомжға айыппұл жазып берді», – делінген хабарламада.
Басылымның мәліметі бойынша, тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыны Лианозо паркіне жақын жерде тоқтатқан. Ер кісі полицейлерге дүкеннен шығып, өзі кейде киімдерін жуып алып тұатын таныс қызының үйіне бара жатқанын айтқан.
Осыдан кейін құқық қорғаушылар бомжды учаскеге алып келіп, хаттама толтырған. Оған енді 4 мың рубль көлемінде айыппұл төлеу жазасы белгіленуі мүмкін.