ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Испандарға әшейіннен әшейін 500 еуродан таратады
МАДРИД. 17 сәуір. Испания билігі 2020 жылдың мамыр айында міндетті емес базалық табыс тұжырымдамасын ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл туралы жергілікті El Pais газеті хабарлады.
Жәрдемақының нақты көлемі әлі толық белгіленбепті. Алайда, ел билігі әзірге 500 еуро төңірегінен әңгіме қозғап жатқан көрінеді.
Инициатива елдегі барлық азаматтарды қамтиды. Ол ең алдымен табыстарының бір бөлігі коронавирус пандемиясынан мейлінше көбірек зардап шеккен әрбір испанның жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс.
Қазір міндетті емес базалық табыс шамамен миллион үй шаруасындағы әйелдің жағдайларын жақсартып алуларына көмектеседі деп күтіліп отыр. Бұл бағдарлама коронавирус пандемиясы тоқтағаннан кейін де жалғаса беретін болады.