Құлыбаевтың Атыраудағы мұнай компаниясына 14 млрд теңге айып салынды
АТЫРАУ. 5 тамыз. Атырау облысында «Каспий мұнай» акционерлік қоғамы 14 млрд теңгеге жуық ақшаға айыпқа тартылды. Бұл туралы azh.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Атырау облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қадағалау органы табиғатты қорғау саласының басым бағыты болып табылатын қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.
Хабарламада: «Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды», – делінген.
Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 2024 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен «Каспий нефть» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынған.
«Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды, – делінген хабарламада.
Компания Атырау облысындағы «Айранкөл» кен орнында мұнай барлаумен, өндірумен айналысады.
«Каспий мұнай» АҚ акциясының 100 пайызына бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев егелік етеді.