Үндістанда сектанттар полицейдің қолын кесіп тастады
НЬЮ-ДЕЛИ. 16 сәуір. Үндістанда сектанттар коронавирус карантинінің сақталуын тексеріп жүрген полицейдің қолын кесіп тастады. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.
Оқиға елдің солтүстіктегі Пенджаб штатында орын алған.
Тәртіп сақшылары елді мекендерде карантин режимінің қалай сақталып отырғанын тексеруге шыққандарында оларға шабуыл жасалған. Нәтижесінде бір полицейдің қолы кесіліп, тағы алтауы айтарлықтай ауыр жарақат алады.
Телеарна хабарлағандай, полицейдің салбырап қалған қолын «тігу» үшін дәрігер-оташылар сегіз сағаттық операция жасайды.
Шабуыл полицейлер көлігін тоқтатқан кезде жасалады. Бұзақылар сикх сектасының мүшелері болып шықты. Тәртіп сақшысы олардың бірінен рұқсат қағазын көрсетуді сұрағанда, ол қылышын суырып алып, қолын шауып түсіреді. Одан басқа жараланған полицейлер де Чандгархтағы медицина орталығына жеткізіледі.
Полиция жеті адамы тұтқынға алды.