Коронавирус инфекциясы Түрікменстанға да жетті
АШХАБАД. 15 сәуір. Түрікменстанда кемінде 7 адам COVID-19-дың оң анализімен Түрікменабад карантин аймағындағы жеке палатаға жатқызылған. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» хабарлады.
Палата басқа аймақтан бөлініп қойылған, оған кіріп-шығу есігі де басқа жақтан шығарылған. Науқас жұқтырып алғандармен қарым-қатынастағы дәрігерлер дезинфекция бөлімі жұмыс істеп тұратын тек осы жерді ғана пайдалана алады. Мұнда қалалық санитарлық эпидемиологиялық станцияның қызметкерлері медицина қызметкерлерін кірген-шыққан кездерінде залалсыздандырып тұрады.
Агенттік тілшісінің мәліметінше инфекция жұқтырып алғандардың қатары 7 адамнан кем емес.
Ауруларға шошқа тұмауы үшін қолданылатын, «Туркмендерман-Аджанта Фарма Лимитед» түрікмен-үнді бірлескен кәсіпорны шығарған H1N1 вакцинасы егілуде. Емдеу кезінде сондай-ақ оттегі жастықтары да қолданылып жатыр.
Медиктердің айтуларынша, Ресейден келіп түскен жабдықтар мен аппараттар велаяттарға әртүрлі мөлшерде таратылып берілген.
Аймақта жұмыс істейтін дәрігерлер тұмылдылдырықтар мен қолғаптар үшін төлемді өз қалталарынан төлеуге мәжбүр болып отырғандарын айтып, шағынуда. Бұдан өзге қорғаныш құралдары жоқ.
Бірақ Түрікменстанның ресми билігі бұрынғысынша елде коронавирус жұқтырып алғандар адамдардың бар екенін жоққа шығарудан таймай отыр.
Айтқандай, Түрікменстанның аты ВОЗ-дың ауру жұқтырып алған елдері тізімінде де жоқ.