АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1290-ға барды

АСТАНА. 15 сәуір. Астана уақыты бойынша 17:25 сағатта елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1290-ға жеткені белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Бүгін түстен бері тағы 15 адамнан ауру шықты. Олар мына қалалар мен аймақтардан шықты: Алматы қаласы – 10, Астана қаласы – 3, Қызылорда облысы – 1, Алматы облысы – 1.

Қазіргі сағатта еліміздегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 380, Астана қаласы – 297, Қызылорда облысы – 127, Қарағанды облысы – 81, Ақмола облысы – 80, Атырау облысы – 70, Жамбыл облысы – 49, Түркістан облысы – 49, Шымкент қаласы – 40, Солтүстік Қазақстан облысы – 26, Алматы облысы – 25, Батыс Қазақстан облысы – 18, Ақтөбе облысы – 13, Маңғыстау облысы – 12, Павлодар облысы – 11, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 5.

Осы кезге дейін республика бойынша 240 адам жазылып шықты. Олар мыналардың үлестеріне тиеді: Астана қаласынан – 136, Алматы қаласынан – 60, Атырау облысынан – 12, Ақмола облысынан – 8, Алматы облысынан – 7, Қызылорда облысынан – 4, Жамбыл облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Ақтөбе облысынан – 2, Солтүстік Қазақстан облысынан – 1, Павлодар облысынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1.

Бүгін коронавирустан Қостанай облысында 1945 жылы туған пациент қаза болды.

Сонымен, қаралы жағдайдың саны 15-ке жетті. Бұлар Ақмола облысында (4), Алматы қаласында (2), Астана қаласында (2), Шымкент қаласында (2), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысы (1), Павлодар облысы (1), Шығыс Қазақстан облысы (1), Қостанай облысында (1) тіркелді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button