АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 1261 болды

АСТАНА. 15 сәуір. Астана уақыты бойынша 09:25 сағатта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1232-ге жеткені белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Таңертеңге тексеруде түннен бері тағы 29 оқиғаның қосылғаны анықталды. Олар мына қалалар мен аймақтардан шықты: Астана қаласы – 9, Алматы қаласы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 6, Қызылорда облысы – 3, Қарағанды облысы – 2, Атырау облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Маңғыстау облысы – 1.

Қазіргі сағатта еліміздегі эпидемилогиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 364, Астана қаласы – 291, Қызылорда облысы – 124, Қарағанды облысы – 80, Ақмола облысы – 79, Атырау облысы – 70, Жамбыл облысы – 49, Түркістан облысы – 49, Шымкент қаласы – 40, Солтүстік Қазақстан облысы – 26, Алматы облысы – 24, Батыс Қазақстан облысы – 18, Ақтөбе облысы – 12, Маңғыстау облысы – 12, Павлодар облысы – 11, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 5.

Осы кезге дейін республика бойынша 203 адам жазылып шықты.

Олар мыналардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 110, Алматы қаласынан – 58, Атырау облысынан – 12, Алматы облысы – 5, Ақмола облысы – 4, Жамбыл облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Ақтөбе облысынан – 2, Қызылорда облысынан – 2, Солтүстік Қазақстан облысынан – 1, Павлодар облысынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1.

Қайтыс болғандар саны – 14 (Ақмола облысы – 4, Алматы қаласы – 2, Астана қаласы – 2, Шымкент қаласы – 2, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button