АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 1232 болды

АСТАНА. 14 сәуір. Астана уақыты бойынша 23:20 сағатта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1232-ге жеткені белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Таңертеңнен бергі екі рет жасалған сұрыптауда 56 адамның вирус жұқтырып алғандары анықталды. Олар мына қалалар мен аймақтардан шықты: Астана қаласы – 18, Алматы қаласы – 12, Атырау облысы – 6, Ақмола облысы – 6, Алматы облысы -2, Түркістан облысы – 2, Қызылорда облысы – 2, Қостанай облысы – 2, Ақтөбе облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1, Павлодар облысы – 1.

Қазіргі сағатта еліміздегі эпидемилогиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 358, Астана қаласы – 282, Қызылорда облысы – 121, Ақмола облысы – 79, Қарағанды облысы – 78, Атырау облысы – 69, Жамбыл облысы – 49, Түркістан облысы – 49, Шымкент қаласы – 39, Солтүстік Қазақстан облысы – 26, Алматы облысы – 24, Ақтөбе облысы – 12, Батыс Қазақстан облысы – 12, Павлодар облысы – 11, Маңғыстау облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 5.

Осы кезге дейін республика бойынша 203 адам жазылып шықты.

Олар мыналардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 110, Алматы қаласынан – 58, Атырау облысынан – 12, Алматы облысы – 5, Ақмола облысы – 4, Жамбыл облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Ақтөбе облысынан – 2, Қызылорда облысынан – 2, Солтүстік Қазақстан облысынан – 1, Павлодар облысынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1.

Қайтыс болғандар саны – 14 (Ақмола облысы – 4, Алматы қаласы – 2, Астана қаласы – 2, Шымкент қаласы – 2, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button