Қазақстанда өткен тәулікте ковидтен 22 адам қайтыс болды
АСТАНА. 9 сәуір. Қазақстанда өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясынан 22 адам жантәсілім етті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Тәулік ішінде коронавирустан – 19, оның пандемиясынан 3 адам бақилыққа аттанып кетті.
Осы уақытта 2 440 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Бұлар аймақтар бойынша мынадай бөліске түсті: Алматы қаласы – 717, Астана қаласы – 446, Алматы облысы – 254, Қарағанды облысы – 169, Атырау облысы – 149, Ақтөбе облысы – 116, Батыс Қазақстан облысы – 110, Ақмола облысы – 101, Шымкент қаласы – 72, Шығыс Қазақстан облысы – 49, Солтүстік Қазақстан облысы – 49, Қызылорда облысы – 43, Жамбыл облысы – 38, Павлодар облысы – 38, Қостанай облысы – 33, Маңғыстау облысы – 33, Түркістан облысы – 23.
Осы кезге дейін 263 943 адам ковидпен ауырды. Олар аймықтар арасында мынадай бөлініске түседі: Алматы қаласы – 39 655, Астана қаласы – 34 453, Шығыс Қазақстан облысы – 23 200, Атырау облысы – 19 595, Павлодар облысы – 19 396, Қарағанды облысы – 18 715, Батыс Қазақстан облысы – 16 010, Ақмола облысы – 15 898, Алматы облысы – 15 865, Қостанай облысы – 14 096, Солтүстік Қазақстан облысы – 13 233, Шымкент қаласы – 7 384, Жамбыл облысы – 6 651, Ақтөбе облысы – 6 236, Түркістан облысы – 4 640, Маңғыстау облысы – 4 628, Қызылорда облысы – 4 288.