Қытайға жаудай тиген жаңа қатерлі инфекция Ресейге де жетті
МӘСКЕУ. 6 желтоқсан. Бұдан бұрын Қытай билігі ескерткен микоплазмалық инфекцияның дүмпуі Ресейде де жекелеген жағдайларда кездесе бастады. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Роспотребнадзор баспасөз қызметі РИА «Новости» агенттігіне мәлімдегендей, инфекцияны ұжымдық сипатта жұқтырып алу жағдайынан жекелеген фактілерге дейін белсенді түрде зерттелу үстінде.
Ведомствоның баяндауынша, кесел жұқтырып алғандар және олармен қарым-қатынаста болғандар қазір қатаң зертханалық тексеруден өтуде.
Микроплазмалық пневмония көбіне балалар мен жасөспірімдер арасында, әсіресе, күз-қыс кезеңінде жиі кездеседі. Оның симптомы күшті және ұзақ уақытқа созылатын жөтелден, кеуденің ашып ауруынан, сирек жағдайларда қолқаның қабынуынан байқалады. Диагнозды анықтау үшін ПЦР-тест тапсыру керек.
The Telegraph газеті қараша айында Қытайда белгісіз пневмонияның жарқылы пайда болғаны жайлы жазды. Дәсәуілгіде Жөңге баспасөзі бұл кездейсоқ кесел хақында ләм-мим деп тіл қатқан жоқ. Кейінірек Бейжің билігі оның микроплазмалық пневмония екенін атап көрсетті. Олар аталмыш аурумен ауырушылардың мамыр айында-ақ күрт өсіп кеткенін айтты.
Желтоқсан айының басында микроплазмалық пневмония Еуропа одағы елдері мен АҚШ-та да тіркелді. Сарапшылар енді Құрама Штаттардағы ахуал COVID-19 пандемиясының кейбір кезеңдеріне қарағанда да нашарлай түсуі мүмкін деген болжам айтады. Аурудың жалпы ағымы әдетте қалыпты сияқты болып көрінеді, алайда дәрігерлер ерте жасалатын диагностика мен медицина уақытылы араласуы болмаған жағдайда мұның ақыры қайғылы аяқталуы ықтимал екенін алға тартып отыр.