АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстан: коронавирус індетін 911 адам жұқтырды

АСТАНА. 12 сәуір. Астана уақыты бойынша 18:20 сағатта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тағы 14 адамға өсіп, барлығы 911-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Соңғы  қосылған 14 оқиға мына аймақтарда тіркелді: Астана қаласы – 11, Павлодар облысы – 1, Қызылорда облысы – 1, Алматы облысы – 1.

Қазіргі сағатта еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 249, Алматы қаласы – 145, Қызылорда облысы – 117, Ақмола облысы – 71, Қарағанды облысы – 65, Атырау облысы – 59, Жамбыл облысы – 46, Шымкент қаласы – 38, Түркістан облысы – 36, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Алматы облысы – 12, Ақтөбе облысы – 11, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 10, Батыс Қазақстан облысы – 8, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Қостанай облысы – 3.

Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 99 адам жазылып шықты: Алматы қаласынан – 49, Астана қаласынан – 37, Жамбыл облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Атырау облысынан – 2, Солтүстік Қазақстан облысынан – 1, Ақтөбе облысынан – 1 Павлодар облысынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Алматы облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 1.

Қайтыс болғандар саны – 10 (Ақмола облысы – 3, Алматы қаласы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Павлодар облысы – 1).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button