Эквадорда індеттен өлгендер көшеде жатыр
КИТО. 12 сәуір. Эквадордың астанасы – Кито қаласында коронавирус инфекциясынан көз жұмғандардың мәйіттері көше бойларында жатыр. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.
«Эквадордағы жағдай сұмдықтарды көрсететін фильмдердегі сияқты болып кетті – вирустан қаза тапқандардың денелері қалаларда көше бойларында шашылып, қалып кетіп жатыр», – деп атап көрсетті ақпарат құралы.
Латын Америкасындағы коронавирус эпидемиясының зардаптары біртіндеп белгілі болып келеді.
«Тұрғындары 2 миллион 300 мың адамды құрайтын Гуаякиль қаласынан соңғы күндері келіп түсіп жатқан видеолар мен рәсімдер тіпті пандемиямен байланысты басқа барлық көңілсіз жаңалықтардың қалқасында да соншалықты шарасыздықпен қорқытатынымен ерекшеленіп тұрады», – деп жазды жоғарыдағы басылым.
Эквадордың денсаулық сақтау министрлігі әзірге елдегі жаңа коронавирус жұқтырған 4 мыңнан астам адам мен тек 200 кісі өлімін ғана тіркей алып отырғанын мәлімдеді.
Гуяс провинциясында шенеуніктерге қаза тапқандардың саны жөніндегі статистиканы таратпау туралы бұйрық берілгені жайлы да мағлұмат бар. Бір аймақтық саясаткер CNN en Español телеарнасына берген сұхбатында: «Тек жағдайды ұғындыру үшін ғана айта кетейін: кешегі күні Гуястың өзінде ғана 480 адамның өлгені жайында куәлік берілді. Күн сайын көшеден өліп жатқан 150 адам жинап алынады. Ал астанадағылар бізге «бар болғаны екі жүз ғана адамның өлгені» туралы айтып отыр.
Осы аралықта Британияның Channel 4 News телеарнасы жан шошытарлық кадрларды беріп жатты. Гуаякильдің қалалық зиратының алды орасан зор кезекке тұрған адамдардан көрінбейді. Қаладағы мәйітханаларда бос орын жоқ. Қазіргі тропикалық ыстық кезінде өлген адамдардың денелерін жұрт үйде, аулада ұстауға мәжбүр болып отыр, кейбіреулер оларды көшеге де шығарып тастайды.