АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Елімізде коронавирус жұқтырушылар 897-ге жетті

АСТАНА. 12 сәуір. Астана уақыты бойынша 12:55 сағатта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тағы 17 адамға көбейіп, жалпы саны 897-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Таңертеңнен бері қосылған осы 17 оқиға мына аймақтарда тіркелді: Ақмола облысы – 10, Астана қаласы – 5,  Қарағанды облысы – 2.

Қазіргі сағатта еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 238, Алматы қаласы – 145, Қызылорда облысы – 116, Ақмола облысы – 71, Қарағанды облысы – 65, Атырау облысы – 59, Жамбыл облысы – 46, Шымкент қаласы – 38, Түркістан облысы – 36, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 11, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 9, Батыс Қазақстан облысы – 8, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Қостанай облысы – 3.

Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 86 адам жазылып шықты. Олардың 37-сі – Алматы қаласынан, 37-і  – Астана қаласынан, 3-і – Жамбыл облысынан, 2-і – Шымкент қаласынан, 2-і – Атырау облысынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан, 1-і – Павлодар облысынан, 1-і – Қарағанды облысынан, 1-і – Алматы облысынан.

Қайтыс болғандар саны – 10 (Ақмола облысы – 3, Алматы қаласы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Павлодар облысы – 1).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button