АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Елімізде індет жұқтырып алғандар 865-ке барды

АСТАНА. 11 сәуір. Астана уақыты бойынша 23:00-де сағатта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 6 адамға артып, барлығы 865 болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Бүгін бұған дейін алдымен таңертең 28, түс қайта 19 оқиға тіркелген болатын. Сонымен, жалпысы 53 болып отыр.

Соңғы 6 дерек мына өңірлерде тіркелді: Шымкент қаласы -1, Түркістан облысы – 1, Алматы облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1.

Қазіргі сағатта еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 231, Алматы қаласы – 137, Қызылорда облысы – 116, Қарағанды облысы – 63, Ақмола облысы – 61, Атырау облысы – 59, Жамбыл облысы – 46, Түркістан облысы – 36, Шымкент қаласы – 35, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 11, Маңғыстау облысы – 9, Павлодар облысы – 9, Батыс Қазақстан облысы – 7, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Қостанай облысы – 3.

Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 81 адам жазылып шықты. Олардың 37-сі – Алматы қаласынан, 34-і  – Астана қаласынан, 3-і – Жамбыл облысынан, 2-і – Шымкент қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан, 1-і – Павлодар облысынан, 1-і – Қарағанды облысынан.

Қайтыс болғандар саны – 10 (Ақмола облысы – 3, Алматы қаласы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Павлодар облысы – 1).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button