Қазақстанда індетке іліккендер саны 808-ге жетті
АСТАНА. 10 сәуір. Астана уақытымен 20:15 сағаттағы эпидемиологиялық жағдай Қазақстанда коронавирус кеселіне ұшырағандардың саны 808-ге жеткенін көрсетіп берді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Бүгін кешке қарай тағы 6 оқиға тіркелді.
Олар аймақтар арасында мынадай көрініс тапты: Атырау облысы – 2, Алматы қаласы – 1, Қызылорда облысы – 4, Түркістан облысы – 1, Павлодар облысы – 1.
Осы аралықта Алматы қаласында тағы бір адам қайтыс болып, жантәсілім еткендердің жалпы саны 10-ға барды.
Қазіргі сағатта еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 226, Алматы қаласы – 123, Қызылорда облысы – 105, Ақмола облысы – 61, Қарағанды облысы – 61, Атырау облысы – 47, Жамбыл облысы – 45, Түркістан облысы – 34, Шымкент қаласы – 31, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Маңғыстау облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 6, Павлодар облысы – 4, Қостанай облысы – 3.
Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 64 адам жазылып шықты. Олардың 31-і – Астана қаласынан, 28-і – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан, 1-і – Жамбыл облысынан, 1-і – Павлодар облысынан.
Қайтыс болғандар саны – 10 (Ақмола облысы – 3, Алматы қаласы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Павлодар облысы – 1).