Қазақстанда инфекция жұқтырып алғандар 802 болды
АСТАНА. 10 сәуір. Астана уақытымен 09:00 сағаттағы эпидемиологиялық жағдай Қазақстанда коронавирус кеселіне ұшырағандардың саны 802-ге жеткенін көрсетіп берді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Республикада кеше түннен бері тағы 21 оқиға тіркелді.
Олар аймақтар арасында мынадай көрініс тапты: Қызылорда облысы – 4, Қарағанды облысы – 4, Шымкент қаласы – 4, Атырау облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Астана қаласы – 1, Ақмола облысы – 1.
Осы аралықта Алматы қаласында бір адам инфекциядан қайтыс болып, көз жұмғандардың жалпы саны 9-ға барды.
Қазіргі сағатта еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 226, Алматы қаласы – 122, Қызылорда облысы – 104, Ақмола облысы – 61, Қарағанды облысы – 61, Жамбыл облысы – 45, Атырау облысы – 45, Түркістан облысы – 34, Шымкент қаласы – 31, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Маңғыстау облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 6, Қостанай облысы – 3, Павлодар облысы – 3.
Қызылорда облысындағы 4 фактінің 3-і – Шиелі ауданында, 1-і Жаңақорған ауданында тіркелді.
Осы тұста облыста инфекция жұқтыру көрсеткіші Қызылорда облысының аудандары бойынша былай бөлініп отыр: Шиелі ауданында – 55, Жаңақорған ауданында -17, Сырдария ауданында – 14, Қызылорда қаласында – 12, Қармақшы ауданында – 4, Арал ауданында – 2.
Сонымен, Шиелі ауданында инфекция жұқтырғандар 55-ке жетті. Соңғы 3 оқиғаның 2-і «Қодаманов» ауылынан, 1-і «Балаби» ауылынан шықты. Осылайша аудандағы «Қодаманов» ауылында – 44, «Балаби» ауылында – 6, Шиелі кентінде – 3, «Ортақшыл» ауылында – 1, «Жиделіарық» ауылында 1 жағдай тіркеліп отыр.
Ал Жаңақорған ауданындағы 17 деректің бәрі де – кенттен.
Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 60 адам жазылып шықты. Олардың 30-ы – Астана қаласынан, 26-сы – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан, 1-і – Жамбыл облысынан, 1-і – Павлодар облысынан.
Қайтыс болғандар саны – 9 (Ақмола облысы – 3, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Павлодар облысы – 1, Алматы қаласы – 1).