Қызылордада вирус жұқтырғандар 100-ге жетті
АСТАНА. 9 сәуір. Астана уақытымен сағат 22:55-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирусқа ұшырағандар саны 100-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Осы уақыт аралығында жаңадан 17 оқиға тіркеліп, республика бойынша көрсеткіш 781-ді көрсетті. Соңғы ретінде аймақтар деректі былай бөлісті: Қызылорда облысы – 8, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 2, Павлодар облысы – 2, Алматы қаласы – 1.
Сонымен қатар, Павлодар облысында 1936 жылы туған кісі коронавирустан қайтыс болды. Ол жұқпалы аурулар ауруханасына 8 сәуір күні ауыр жағдайда түскен екен.
Қызылорда облысындағы соңғы 8 деректің 6-ы Сырдария ауданынан шықса, 2-і Қызылорда қаласында тіркелді.
Қазіргі сағатта облыста инфекция жұқтыру көрсеткіші аудандар бойынша былай бөлініп отыр: Шиелі ауданында – 52, Жаңақорған ауданында – 16, Сырдария ауданында – 14, Қызылорда қаласында – 12, Қармақшы ауданында – 4, Арал ауданында – 2.
«Қазір облыста аталған диагноз қойылған 100 адам бар. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Бүгінгі күнге дейін жүргізілген эпидзерттеу нәтижесі бойынша науқастармен байланыста болған 1174 азамат анықталды. Оның ішінде тығыз қарым-қатынаста болғандар саны – 585, ықтимал қарым-қатынаста болғандар саны – 589 адам. Стационарларда медициналық бақылауға 545 адам алынды, үй жағдайындағы бақылаудағылардың саны – 629 адам», – деп мәлімдеді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.
Қазір еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 225, Алматы қаласы – 122, Қызылорда облысы – 100, Ақмола облысы – 60, Қарағанды облысы – 57, Жамбыл облысы – 45, Атырау облысы – 42, Түркістан облысы – 34, Шымкент қаласы – 27, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Маңғыстау облысы – 7, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 4, Қостанай облысы – 3, Павлодар облысы – 3.
Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 60 адам жазылып шықты. Олардың 30-ы – Астана қаласынан, 26-сы – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан, 1-і – Жамбыл облысынан, 1-і – Павлодар облысынан.
Қайтыс болғандар саны – 8 (Ақмола облысы – 3, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Павлодар облысы – 1).