Қызылордада тағы 9 адамнан инфекция шықты
АСТАНА. 8 сәуір. Астана уақытымен сағат 22:35-тегі мәлімет бойынша, Қызылорда облысында тағы 9 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Сонымен, республика бойынша жалпы көрсеткіш 727-ге жетті.
Қазақстандағы вирус жұқтыру дерегі аймақтар бойынша былай бөлінді:
Астана қаласы – 223, Алматы қаласы – 119, Қызылорда облысы – 85, Қарағанды облысы – 55, Жамбыл облысы – 45, Ақмола облысы – 43, Атырау облысы – 36, Түркістан облысы – 34, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Шымкент қаласы – 23, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 6, Қостанай облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1.
Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 54 адам жазылып шықты. Олардың 29-ы – Астана қаласынан, 23-і – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан.
Қайтыс болғандар саны – 7 (Ақмола облысы – 3, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1).